Қазіргі кезде әлеуметтік желілер, соның ішінде Instagram желісінің спортшылар мен спорт командаларын насихаттауда үлкен рөл атқаратыны белгілі. Мәселен футбол клубтары арасында «Ювентус» командасының ресми парақшасындағы жазылушылар саны 31,1 миллионға жеткен, деп жазады Prosports.kz.

Осылайша туриндік клуб бұл көрсеткішімен «Манчестер Юнайтедті» (30,8 миллион) басып озып, ең танымал әлеуметтік желіде футбол клубтары арасында 3-орынға көтерілді.

Айта кетелік, көш басында 77,5 миллион жазылушысы бар Мадридтің «Реалы» тұрса, «Барселона» (76,4 млн) ежелгі қарсыласынан сәл артта қалған.