Василий Ломаченко әкесі мен өзінің жетістіктері арасындағы байланыс туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Мен өз өмірімді жақсы көремін. Әрдайым осылай. Мен сүйікті ісіммен айналысамын. Мен әкеме жаттықтырушым деп қараған жоқпын Ол өмірде ғана емес, залда да менің әкем болып қала береді.

Әкем менің шынайы стилімді жасап шықты. Ол осынау бір қауіпті ойында мені бақылап жүреді. Менің басымды қорғайды, денсаулығымды сақтайды.

Әдетте мен бір спарринг-серіктеспен төбелесемін Кейде екеумен. Тіпті үш адамға қарсы жұдырықтасатын кездерім болады.

Шынымды айтсам, үш қарсыласқа қарсы жұдырықтасу екеуге қарағанда оңай. Себебі үш қарсылас бір-біріне жиі кедергі жасайды. Олардың позицияларын алдын ала біліп, есептеуге болады, соның арқасында оларды жеңе аламын», дейді украиналық боксшы.