UFC тұжырымының жеңіл салмақтағы чемпионы Дастин Порье Хабиб Нурмагомедовпен болатын жекпе-жекте өзінің мүмкіндігі жоқ деп санайтын адамдар жайлы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

«Мені талай рет түкке тұрғысыз етіп тастаған. Қазір де дәл сондай айқас болмақ, адамдар тағы мені бағаламайды. Оның себебі бар. Ол (Хабиб) жеңіліп көрмеген. Оның грепплингтегі машығы керемет. Ол күрестің, жекпе-жек техникасын түсінгенінің арқасында басымдыққа ие болып жүр. Мен де грепплингте өзімді сенімді сезінемін. Алайда менің мақсатым - грепплинг матчына қатысу емес, айқасу, деді Порье.