33 жастағы қақпашы Игита алматылық «Қайратты» жаңа капитаны атанды.

Соңғы жыл бойы капитандық міндетті атқарған Дінмұхамбет Сүлейменов «Жетісу» комадасының сапына ауысқаннан соң бұл міндет тәжірибелі қақпашыға өтті.

Айта кетейік, Игита «Қайраттың» сапында 2011 жылдан бері ойнап келеді. Ал Қазақстан құрамасына 2013 жылдан бері шақырту алып жүр.