US Open-2014 турнирінің екінші ракеткасы швейцариялық Роджер Федерер драмаға толы кездесуде жеңімпаз атанды.

33 жастағы теннисші ұзақ уақыт бойы ойынға кіре алмай, сет бойынша 0:2 есебімен ұтылып жатты. Алайда АҚШ Ашық чемпионатын қатарынан бес рет жеңіп алған тәжірибелі Роджер өзіне келіп, партия бойынша есепте теңестіріп қана қоймай, жалпы есепте жеңіске жетті. 3 сағат, 23 минутқа созылған матч 4:6, 3:6, 6:4, 7:5, 6:2 есебімен аяқталды. Өзара кездесуде Федерер алда келеді – 8:2.

Open-2014-тің жартылай финалында Роджер Марин Чиличпен кездеседі.

Естеріңізге сала кетсек, жартылай финалдың екінші жұбында әлемдік рейтингтің көшбасшысы серб Новак Джокович пен жапониялық Кей Нишикори күш сынасады