Хорватиялық теннисші турнирдің алтыншы ракеткасын үш сетте қапы қалдырды. 

АҚШ Ашық чемпионатының ширекфиналындағы Марин Чилич пен Томаш Бердых арасындағы кездесуі 6:2, 6:4, 7:6 есебімен аяқталды. Теннисшілер арасындағы өзара тоғызыншы кездесу 2 сағат, 14 минутқа созылды, алда Томаш – 5:4.

Марин Чилич келесі матчында Гаэль Монфис (Франция) – Роджер Федерер (Швейцария) жұбының жеңімпазымен кездеседі.