IBF және WBA тұжырымының жартылай ауыр салмақ бойынша чемпионы Бернард Хопкинс журналистерге берген сұхбатында WBO чемпионы Сергей Ковалевті жеңетінін айтты, деп хабарлайды news.sportbox.ru.

«Өз тізімінде жеңіліп көрмеген боксшылармен жұдырықтасқанды жақсы көремін. Ол бірінші рет жеңіледі. Мен бірнеше рет нөлді бірлікке айналдырғанмын. Бұған үйреніп те кеттім», - деді Хопкинс.

Естеріңізге сала кетсек, Бернард Хопкинс пен Сергей Ковалев арасындағы кездесу АҚШ-та 8 қарашада болады.