«Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров экономика магистрінің қызыл дипломын алды. Бұл туралы бұрынғы қазақстандық велошабандоз Instagram желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

«Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да экономика магистрінің қызыл дипломын салтантты түрде табыстады. Барлық қазақстандық студенттерді білім күнімен құттықтап, шыдам мен еңбекқорлық тілеймін! Тек қана жеңіс!», - деді Винокуров.