Күллі әлемге танымал футболшы Криштиану Роналдудың ғашығы Джорджина Родригес оның қыр-сырын жақсы біліп алған. Футбол жұлдызының ғашығы оны не қызықтыратынын айтып, танымал адаммен отбасылық өмірі жайлы бар шындықты айтты.

Роналдуға қыз сыйлаған Джорджина британдық The Sun басылымына ауқымды сұхбат беріп, арулардың арманына айналған футболшымен қалай өмір сүріп жатқанын айтты.

"Әйгілі адамның сүйіктісі болу - оңай дүние емес. Алайда, мен мұны әлемде басқа ештеңеге алмастырмас едім.

Менің ол адамға деген сезімім өте берік. Одан мықты сезім жоқ. Отбасылық өмір бізді бұдан да мықты жақындастыра түсті. Біз бір-бірімізге тәнтіміз.

Ортақ армандар мен адамды қызықтыра білу аса маңызды. Мен аса сексуалды іш киімді таңдаймын. Мен оны тіпті ұйықтағанда да киіп жатамын.Ол өте ыңғайлы, сексуалды әрі романтикалық тұрғыдан жақсы. Ол іш киімде өз ғашығыңызды бақытты ету үшін бәрі бар" , - деді Джорджина.