Қазақстандық спортшы Қуат Хамитовтің келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Нариман Аббасовқа қарсы қарымта жекпе-жек қыркүйек айында Әзірбайжанның астанасы Баку қаласында өтеді.

Бұған дейін «Найман» келесі жекпе-жегіне дайындықты бастап кеткенін мәлімдеген болатын. Әзірге оның қашан және кіммен жұдырықтасатыны белгісіз.

Айта кетейік, Қуат Хамитов сәуір айында өткен соңғы жекпе-жегінде әзірбайжан спортшысы Нариман Аббасовтан жеңіліп қалған болатын.