Жастар арасындағы қазіргі әлем чемпионы Қазақстан жастар құрамасына қонаққа келді. Аталмыш кездесу алаң иелерінің 1:5 есебімен күйрей жеңілуімен аяқталды.

Қазақстандықтар ойынды жылдам бастады. Алдымен Илья Калинин алыстан соққы бағыттап көрді – қиыс. Алайда кейін француздар допқа иелік етіп, ойын соңына дейін басымдықты бермеді.

17-минутта Морган Сансон Товеннің пасынан кейін есеп ашты – 0:1.

31-минутта есеп еселенді – қапталдан асырылған пасты Лайвен Курзава түйіндеді – 0:2.

Қазақстандықтар бірден есеп айырмасын қысқартты – Роман Муртазаев Калининнің пасын сәтті пайдаланды – 1:2.

Алайда 42-минуттан бастап тек қонақтар гол соқты, Курзава әдемі соққымен дубль жасады – 1:3.

Екінші тайм Франция құрамасының еншісінде қалды, нәтижесінде лондондық «Арсеналдың» шабуылшысы Яя Саного дубль авторы атанды.

Қазақстан құрамасы шабуылда белсенді ойнай бастады. Ойынға тыңнан қосылған Абат Айымбет шабуылда командамыздың ойынын қыздырды. Жуков та әдемі пастармен көзге түсті. Алайда Қазақстан ойыншылары қанша тырысқанымен, Франция құрамасы өз қақпасынан екінші рет саңлау тапқызбады.

Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі.

Қазақстан (U-21) – Франция (U-21) – 1:5 (1:3)

Голдар: Муртазаев (36) – Сансон (17), Курузава (31, 42), Саного (50, 53)

Қазақстан: Покатилов, Рудосельский, Пикалкин, Бейсебеков (Ульшин 86), Аслан, Қуат (к), Шайхов, Жуков, Калинин (Айымбетов 45), Муртазаев (Сариев 78), Жанғылышбай

Франция: Ареоля, Фулькье, Курзава, Зума (к), Ляпорт, Н. Менди, Сансо, Кондогбиа, Саного (Мартьяль 61), Товен (Мадиба 67), Коман (Толиссо 81)

Астана, «Астана-Арена», 2014 жыл.