Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратамен ықтимал кездесуі жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Мен бұл жекпе-жекке жүз пайыз ашықпын. Титулды жекпе-жек (Деревянченкомен) бойынша келісіп алғашқы қадамды жасадық. Әрине, Муратамен жекпе-жек өткізу қызықтырады. Бұл жекпе-жек өте-өте маңызды. Біз ғажайып кездесу өткізетінімізге сенімдімін», - деді Головкин.

Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 5 қазанда Нью-Йоркте өткізеді. Қарсыласы украиналық Сергей Ковалев болады. Боксшылар IBF титулын сарапқа салады.

Ал Мурата орта салмақта WBA титулының иегері.