Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионаты аясында матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

18 жасқа дейінгі гандболшы қыздар арасындағы Азия чемпионаты Үндістанның Джайпур қаласында өтіп жатыр. Қазақстандық команда Моңғолия құрамасымен кездесіп, 48:10 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, В тобында біздің командамыз алты ұпаймен екінші орында келеді. Қазақстандық гандболшылар үш ойынның екеуін жеңіп, біреуінде жеңіліс тапты.