Ресейде туған этникалық қазақ Дамир Исмғұлов UFC Fight Night 157 турниріне қатысу үшін Қытайға ұшып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

31 тамызда таңда Исмағұлов америкалық промоушен аясында үшінші рет октагонға шығады. Бұл жолы 25 жастағы бразилиялық Тиаго Мойзеспен жекпе-жек өткізеді.