2019 жылдың 30 тамызында ҚР Конституция күніне орай тұңғыш рет БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін шағын футболдан республикалық турнир өтеді.

Турнирдің мақсаты – БАҚ қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту.Жарысты ұйымдастырушы: ҚР Президентінің Баспасөз қызметіЖарыстың өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, «Астана-Арена» стадионы;

Жарыстың жалпы ережесі:- Жарыс 2019 жылдың 30 тамызында, «Астана-Арена» стадионында өтеді.- Турнирге еліміздің БАҚ өкілдерінен құралған шығармашылық топ командалары қатыса алады.- Турнирге барлығы 32 команда қатыса алады, өтініштерді қабылдау мерзімі 2019 жылдың 27 тамызына дейін.

Басқа да сұрақтарыңыз болса, Әзиз Жұмадұлге хабарласып, білулеріңізге болады (+7 777 734 88 10, aziz.zhumadil@gmail.com).