Малайзияда маунтинбайктан Азия кубогының кезекті сериясында қазақстандық Кирилл Казанцев жеңімпаз атанды деп хабарлайды Prosports.kz ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Олимпиадалық кросс-кантриден өткен жарыста қазақстандық спортшы мәреге бірінші болып келді. Казанцевтің уақыт көрсеткіші – 1:35.43. Екінші және үшінші орында жапон спортшылары иеленген. Темірлан Мұхамедиянов пен Әділ Шәкіров тиісінше бесінші және алтыншы орынды иеленді. Сондай-ақ, эстафетада қазақстандықтар мәреге бірінші болып келді. Эстафеталық сында Қазақстан намысын Кирилл Казанцев, Егор Карасев,Татьяна Богданова және Александр Дымовских қорғаған болатын.