Грек-рим күресінен жаңа әлемдік рейтинг жарияланды. Әлемнің алғашқы үздік 20 палуанының арасында қазақстандықтар да бар.

71 келі салмаққа дейінгі спортшылар арасында Мақсат Ережепов 17-ші, ал Асхат Жаңбыров 18-ші орында.

80 келіге дейін салмақта Азамат Құстыбаев 15-ші, Досжан Картиков 20-шы орында.

85 келі салмаққа дейінгі палуандар арасында Нұрсұлтан Тұрсынов 14-ші орында.

98 келіге дейін салмақта Ерұлан Исқақов 11-ші орында тұр.

Ал, ең ауыр салмақтағы (130 келіге дейін) палуандар арасында Нұрмахан Тінәлиев 9-шы орында тұр.