«Астана» футбол клубы мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Владимир Логиновский алдағы Қырғызстан мен Латвияға қарсы кездесуде тек қана жеңіске ойнайтынын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Ертеңгі ойынға дайындалып жатырмыз. Негізгі құрамда кім шығатыны әлі белгісіз, барлығы ертең белгілі болады. Алдымызға қойылған мақсат: қос ойында жеңіске жету», - деді 28-жастағы қақпашы.  

Естеріңізге сала кетсек, ертең Қазақстан құрамасы жолдастық матчта Қырғызстан құрамасымен күш сынасады, артынша ЕУРО-2016 іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Латвия құрамасын қабылдайды.