Белоруссияда өтіп жатқан биатлоннан жазғы әлем чемпионатында қазақстандық Роман Еремин бесінші орын алды деп жазады Olympic.kz.

Ату алаңында бір рет мүлт кеткен Роман алтын жүлде иегері Тимофей Лапшиннен 16.8 секундқа қалып қойды. Күміс және қола жүлдені ресейліктер Александр Поварницын мен Эдуард Латыпов иеленген.