«Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски клубпен келісімшартын ұзартқысы келетінін растады, деп жазады Prosports.kz.

Тараптар келіссөздердің соңғы кезеңін бастады.

«Иә, біз келісімге келдік деуге де болады. 95% сенімділікпен айта аламын, деді Роберт.

31 жасар польшалық клубпен келісімшартын 2023 жылға дейін ұзартады. Ол «Бавария» сапында 2014 жылдан бері ойнайды. Осы уақыт аралығында Левандовски 246 матчқа қатысып, 197 гол соққан.