Португалия құрамасының капитаны, Чемпиондар Лигасының жеңімпазы мадридтік «Реал» ойыншысы Криштиану Роналду командасын ауыстырғысы келетінін жария етті.

Роналду өзін осындай биікке жеткізген бұрынғы клубына үлкен құрметпен қарайтынын айтты. «Бұл командада менің жанымың бір бөлігі қалды. Қазіргі таңда «Реал» сапында бақыттымын, бірақ өмір болған соң, болашақта оның арнасы қайда алып келетінін болжай алмайсың», - деді Роналду Daily Mail сайтына.   

Естеріңізге сала кетейік, Роналду англиялық «Манчестер Юнайтед» сапында 2003-2009 жылдары аралығында өнер көрсеткен болатын және де осыған дейін екі мәрте Алтын доп иегері атанған.