Волейболдан Қазақстан әйелдер командасы 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын Азия аймақтық іріктеу турниріне қатысады.

Бұл күндері Сеулде волейболдан әйелдер арасындағы Азия біріншілігі өтуде. Құрлық додасында алғашқы алтылыққа енген командалар келесі жылы өтетін лицензиядық турнирге қатыса алады. Бүгін Иран құрамасын 3:0 есебімен жеңген біздің құрама ертең бесінші орын үшін Тайпеймен кездеседі.

Осылайша, волейболшы қыздар құрлықтық іріктеу сынына қатысатын үздік алты команданың қатарына еніп отыр. Лицензиялық турнир алдағы жылдың қаңтар айына жоспарланған.