Prosports.kz Youtube арнасы Дамир Исмағұловтың UFC-дегі жекпе-жегіне орай жанкүйерлік промо-ролик дайындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейде тұратын этникалық қазақ 31 тамызда бразилиялық Тиаго Мойзеспен жекпе-жек өткізеді. Бұл оның әлемдегі ең үлкен промоушен қатарында үшінші мәрте октагонға шығуы болмақ.

Айта кетейік, Исмағұлов соңғы жекпе-жегін осы жылдың ақпан айында өткізді. Ол кезде Йоэль Альваресті төрешілердің шешімімен жеңген еді.