1-ші қыркүйек күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жасөспірімдер арасындағы Нанкин Олимпиадасының чемпионы Бауыржан Жауынтаевпен кездесу ұйымдастырды.Айта кетейік, Бауыржан 16-28 тамыз аралығында Нанкинде өткен Олимпиада ойындарында дзюдодан алтын алқа тағынып, Қазақстанға алғашқы алтынды алып берген еді. Облыс басшысы жас спортшыны жеңісімен құттықтап, екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Бауыржан өз кезегінде мұның үлкен қуаныш екенін, Нанкинде көрсеткен нәтижесіне көңілінің толатынын және алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көрінуге, ел абыройын асқақтатуға уәде берді.

Бауыржан Жауынтаевтың бапкері Қален Қалиұлы спортшының жарысқа дайындалуына үлкен қолдау көрсетілгенін айтып, алғысын білдірді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев алдағы уақытта облыс спортшыларының халықаралық жарыстарда жоғарғы жетістіктерге жетуіне барлық мүмкіндіктердің жасалатындығын жеткізді.