Португалияның Портиман қаласында өтіп жатқан Record International Masters Futsal 2019 халықаралық турнирі аясында лиссабондық «Бенфика» мен алматылық «Қайрат» кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Назарларыңызға аталған матчтың тікелей трансляциясын ұсынамыз. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады.

Тікелей трансляция

Айта кетейік, бұл турнирге «Қайрат» футзал клубы шақырту алды. Алматылық ұжымнан бөлек турнирге «Интер ФС» (Испания), «Бенфика» (Португалия) және чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы – «Спортинг СП» (Португалия) командалары қатысады.