Қазақстандық боксшы Изим Избаки 23 тамызда Брокен-Эрроуде (Оклахома, АҚШ) шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Избаки америкалық 26 жастағы боксшы Армонте Саммерске қарсы жұдырықтасты. Жеңіс қазақстандық боксшыға бұйырды.

Бұл - Избакидің екінші жеңісі. Соңғы жекпе-жегінде Избаки Беларусь елінің өкілі Олег Заблоцкиймен кездесті. Ауыр салмақта өнер көрсеткен отандасымыз екінші раундта қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді.