«Атырау» футбол клубы жаңа екі ойыншыны қатарға қосқанын мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Польшалық шабуылшы Петр Гжельчак 10-нөмірде, ресейлік қорғаушы Виталий Устинов 49-нөмірде өнер көрсетеді.