Жартылай жеңіл және жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Ирландиядағы түнгі бардың бірінде қарияға қол көтергені үшін кешірім сұрады.

- Ол жерде не болғаны маңызды емес. Мен қателестім. Ол кісі пабта көңіл көтергісі келді. Бұл бес ай бұрын болған. Сол кезде-ақ қателігімді мойындадым.. Мен қателестім, — деді Макгрегор.

Айта кетейік, бірер күн бұрын Ирландиядағы түнгі бардың бірінде Конор Макгрегордың өзі ұсынған шарапты ішуден бас тартқан қарияны ұрған сәті жазылған видео әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен болатын.