Анна Данилина швейцариялық теннисші Ксения Кнолльмен бірге ITF аясындағы Мәскеу кубогының жұптық сайысында ширекфиналға шықты.

Бірінші айналымда Данилина мен Кнолль ресейлік теннисшілер Полина Монова мен Екатерина Яшинаны екі сетте жеңді – 6:2, 6:1. Бұған дейін Данилина мен Кнолль өзара жеке сайыстың бірінші кезеңінде кездескен еді. Бұл матчта сәттілік швейцариялықтың жағында болды – 6:2, 7:5.