«Барыс» хоккей клубы өзінің ресми сайтында команданың 2019/20 маусымға арналған таныстырылымы өтетінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық команданың сайтына сілтеме жасап.

Шара 1 қыркүйек күні сағат 14: 00-де «Барыс Аренада» өтеді. Кіру тегін.