2 қыркүйек күні Жастар хоккей лигасының жаңа маусымының алғашқы кездесулері өтті. Елордалық «Снежные Барсы» өз алаңында орынборлық «Белые Тигры» командасынан басым түсті.

Елоралық хоккейшілер қарсылас қақпасына бес шайба тоғытты. Ал жауап ретінде «Белые Тигры» үш гол соқты. «Снежные Барсы» сапынан Артем Лихотников екі мәрте, Максим Пушкарский, Гренц, Александр Зубрицкий бір-бір мәрте көзге түсті. Орынборлықтардан Сергей Шуньков  «хет-трик» жасады.

Осылайша Ғалым Мәмбетәлиевтің шәкірттері жаңа маусымдағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.

 

«Снежные Барсы» (Астана) – «Белые Тигры» (Орынбор) 5:3 (1:1, 2:2, 2:0)

1:0  Лихотников (Евсеев, Кабиев)  03:021:1  Шуньков (Куликов, Лихачев)  10:161:2  Шуньков (Ефремов, Лихачев)  21:051:3  Шуньков (Лихачев)  22:472:3  Лихотников (Кабиев)  27:323:3  Пушкарский (Кормаков, Асетов)  28:204:3  Гренц  50:355:3  Зубрицкий (Гренц)  59:03 

Қақпашылар: Волосенко  Мухарев