Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножанның не себепті «Кубань» клубынан кеткені белгілі болды.

«Не себепті өткен қыста Красножанды жұмысынан босатты? Сол кезде ойынның сапасы мен нәтижесі клуб басшылығының көңілінен шықпады. Иә, клуб чемпионатта 4-ші орында болды. Алайда бұл біз күткен нәтиже емес, ойынға қарап бұның болашағы жоқ екендігін түсіндік. Үзіліс алдындағы «Краснодар» мен «Аланияға» қарсы матчтар сол кездегі ойынмыздың жарқын болашағы жоқ екендігін түсіндіргендей болды. Қазіргі кезде бұл шешімнің орынды қабылданғанына көзіміз жетті», - деді «Кубань» клубының спорттық директоры Сергей Доронченко sports.ru сайтына.