Англия құрамасы мен «Манчестер Юнайтед» клубының ойнышысы Пол Скоулз «Қайратқа» қарсы ойнайтын Әлем құрамасына шақырту алды.

Бұл туралы алматылық клубтың ресми сайты мәлімдеді: «Манчестер Юнайтедтің» даңқты футболшысы Пол Скоулз 26 қыркүйек күні Орталық стадионда өтетін «Жұлдыздар матчына» қатысуға келісімін берді.

Англия құрамасы сапында Скоулз 1998, 2002 жылғы Әлем чемпионаты мен 2000, 2004 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан. Ал клубтық мансабын  тек «Манчестер Юнайтед» командасында өткізген. «Қызыл сойқандар» жейдесінде Пол алаңға 7000 мәрте шыққан екен.