Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жеке және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлемнің бірінші ракеткасы атағын сербиялық Новак Джокович иеленді. Екінші орында – испаниялық Рафаэль Надаль, үшінші орында швейцариялық Роджер Федерер тұр. Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин екі сатыға көтеріліп, 44-орынға жайғасты.
Айта кетейік, Михаилдің рекордтық көрсеткіші – 39-орын. Александр Бублик төрт позиция жоғалтып, 75-орынға түсіп қалды.
Ал жұптық сында Кукушкин позициясын жақсартты – 147-ден 144-ке көтерілді. Өткен рейтингте 190-орында болған Тимур Хабибулин 188-ге жоғарылады.
Комментарии