«Астана» Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Валлеттаны» сырт алаңда 4:0 есебімен жеңді.

Ойындағы алғашқы голды Серікжан Мужиковтың берген пасын сәтті пайдаланған Роман Муртазаев соқты.

Осылайша, Мужиков елорда командасы жейдесіндегі 30-шы нәтижелі пасын өз еншісіне жазды. Қазақстанның бес дүркін чемпиондары сапында Серікжаннан көп ассист жасаған үш ойыншы ғана бар. Олар: Фокси Кетевоама (51 нәтижелі пас), Дмитрий Шомко (39) және Марин Томасов (39).