Испанияның «Марсет» клубында доп тебетін Данил Анкудинов 17 жасқа дейін Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Данил Анкудинов қазіргі таңда Барселона академияларының бірі «Марсетте» ойнайды. Ол енді Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жейдесінде өнер көрсетпек.

Айта кетейік, футболшы Қарағандыда дүниеге келген. Бірақ жас кезінде ол отбасымен Испанияның Тенерифе аралына көшіп кеткен. Бес жыл бойы шабуылшы жергілікті жастар чемпионатында өзін көрсете білді және Барселонаның ең үздік футбол мектептерінің бірінен ұсыныс алды.

Сонымен қатар, Данил Жерорта теңізі халықаралық кубогы (Mediterranean Internacional Cup) турнирінің үздік ойыншсы атанған.