«Манчестер Сити» мен «Тоттенхэм» ойыны кезінде «қалалықтардың» бас бапкері мен Серхио Агуэро арасында кикілжің орын алды.

Турдың орталық матчы барысында Пеп Гвардиола 66-шы минутта Агуэроны алаңнан алып, орнына Габриэл Жезусты шығарған болатын. Бас бапкердің бұл шешімі аргентиналық сұрмергенге ұнамады. Футболшы Пептың қолын алмады, сосын екеуінің арасында дау басталып кетті. Алаңдағы ойын өз жайына қалды. Бапкердің көмекшісі Микель Артета келіп екеуін ажыратпағанда арты төбелеске ұласып кетуі де мүмкін еді.

Матч аяқталысымен Пеп пен Агуэро бірін-бірі құшақтап, дау аяқталғандай әсер қалдырды.