«Ливерпуль» ағылшын чемпионатының екінші турында түзде «Саутгемптонды» 2:1 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл «Ливерпулдің» премьер-лигадағы 11-жеңісі екенін айта кету керек. Команда 2014 жылы Брендан Роджерстың жетекшілігімен АПЛ-дың клубтық рекордын орнатқан еді. Клоптың шәкірттері сол жетістікті қайталады.

«Ливерпуль» 24 тамыз күні өтетін келесі турда «Энфилдте» лондондық «Арсеналды» күтеді.