Футболдан Германия құрамасының жаңа капитаны болып Бастиан Швайнштайгер тағайындалды.

Бұл туралы «Баварияның» «твиттердегі» ресми парақшасы хабарлайды.

Естеріңізге сала кетсек, «Бундестимнің» бұрынғы капитаны Филипп Лам әлем чемпионаты аяқталған соң ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтады.