«Ордабасы» командасының шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбай «Оқжетпеске» қарсы матч туралы пікірін білдірді, деп хабалайды Prosports.kz сайты шымкенттік клубқа сілтеме жасап.

- Ойын біз күткендей аса қиындық туғыза қоймады. Біз бірінші таймда екі жылдам гол соғуға қол жеткіздік. Осының нәтижесінде қалған уақытта толықтай басымдыққа ие болдық. «Оқжетпес» негізінен жақсы ойнады. Допты бақылауда ұстап, өткір шабуылдар ұйымдастыруға әрекеттер жасады.

Бірақ біз өз футболымызды ойнадық, қорғаныс сыр бермеді. Соның нәтижесінде бастамаға ие болып, лайықты жеңіске жеттік. Енді біз үйімізде, өз алаңымызда өтетін келесі ойынға дайындаламыз. Сол ойында да жеңіске жетеміз деп асығып барамыз.