Қазақстан Премьер-лигасының 23-ші туры аясында өткен «Ертіс» - «Тобыл» матчында футболшылар жаға жыртысты, деп жазады Prosports.kz сайты.

Матч аяқтала салысымен екі команданың футболшылары бір-бірімен жаппай төбелес шығарды. Әзірге не себеп болғаны белгісіз.

Ойынның өзінде есеп ашылмай, қос команда тең тарқасты.