Еркін күрестен өтетін әлем чемпионатының қарсаңында әлемдік балуандар рейтингісі жаңартылды, деп хабарлайды fila-official.com.

Жаңартылған рейтингте үш қазақстандық балуан орналасқан. Расул Қалиев 57 келі салмақта 4-ші, Аслан Кахидзе 86 келі салмақта 15-ші, ал Дәулет Шабанбай 125 келі салмақта 12-ші сатыға жайғасқан.