УЕФА нұсқасы бойынша 2018/19 маусының үздік ойыншысы болып «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси танылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Tuttosport басылымының мәліметінше, Месси дауыс беруде Вирджил ван Дейк («Ливерпуль») пен Криштиану Роналдудан («Ювентус») озып кеткен.

Дегенмен жеңімпаздың есімі ресми 29 тамыз күні Монакода белгілі болады.

Айта кетейік, Лионель Месси бұған дейін бұл марапатты 2011 және 2015 жылдары жеңіп алған болатын. Өткен маусымда Месси 10-шы рет Испания чемпионатын жеңіп алды, Чемпиондар лигасында 12 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды.