Футболдан Англия құрамасы мен «қызыл сойқандардың» шабуылшысы Данни Уэлбек лондондық «Арсеналға» ауысты.

Бұл туралы «Арсеналдың» ресми сайты хабарлайды. 23-жастағы шабуылшы жуырда жарақат алған Оливье Жирудың орнын толтыруы тиіс. Трансфердің құны - 16 миллион фунт стерлинг. Келісімшарт төрт жылға жасалды. 

Уэлбек МЮ сапында 90 кездесуге қатысып 20 гол соққан болатын.