34 жастағы мексикалық Марко Антонио Рубио журналистерге берген сұхбатында Геннадий Головкиннен қорықпайтынын айтты, деп хабарлайды GGG-дің «Вконтакте» желісіндегі парақшасы.

«Головкин, күмәнсіз, мықты, сондықтан оған қарсы жүре бермей, ақылмен жұдырықтасу керек, әр түрлі бұрыштан және әр түрлі жақтан соққы жасау қажет. Оның күшінен көбі қорқады, алайда мен Хулио Сезар Чавес немесе Келли Павлик секілді жойқын соққы бағыттайтын боксшылармен жұдырықтастым. Осы тәжірибем Головкинмен тең дәрежеде жұдырықтаса алатыныма сенімділік береді», - деді Руби.

Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио арасындағы кездесу 18 қазанда Калифорнияда болады.