«БИІК-Қазығұрт» командасы әйелдер арасындағы чемпиондар лигасының 1/16 финалында кездесетін қарсыласын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шымкенттік ұжым плей-офф кезеңінің алғашқы турында Бельгияның «Андерлехт» командасымен кездеседі.

1/16 финалдың алғашқы матчтары 11 және 12 қыркүйек күндері, ал жауапты ойындар 25 және 26 қыркүйекке жоспарланған.