Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы серб Александра Круничтен айласын асырды. 

21 жастағы Крунич алғашқы сетте жеңіске жетті, алайда қалған екеуінде белорусь басым түсті. Матч нәтижесі – 6:4, 4:6, 4:6. Теннисшілер арасындағы алғашқы кездесу екі сағат, 21 минутқа созылды.

Викторияның келесі қарсыласы ресейлік Екатерина Макарова болмақ.