Әлемдік WTA рейтингінің көшбасшысы америкалық Серена Уильямс АҚШ Ашық чемпионатында Кайя Канепиді екі сетте жеңді.

Бір сағат, 6 минутқа созылған матч 6:3, 6:3 есебімен аяқталды. Өзара кездесуде Уильямс алда – 4:0.

Келесі кездесуде Серена италиялық Флавия Пеннеттамен күш сынасады.