Қазақстандық кәсіпқой боксшы он жекпе жектің онында да жеңіске жеткен, WBC international нұсқасы бойынша әлем чемпионы Коточигов Виктор «Бiрге – таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады.

20 шілдеде еліміздің премьер-министрі Асқар Мәмин «Бiрге – таза Қазақстан» жаңа экологиялық акциясын бастап берді. Акцияның мақсаты – көрнекі орындар мен табиғи аумақтарды қоқыстан тазарту.