Жапония құрамасы мен «Манчестер Юнайтед» командасының жартылай қорғаушысы Синдзи Кагава Дортмундтың «Боруссиясына» қайтып оралды.

Ағылшындық клубтың сапында екі жыл ойнаған Кагава бұрынғы командасына қайта 22 миллион еуроға сатылды. Синдзи Кагава 2010-2012-ші жылдар аралығында «Боруссияда» доп тепкен еді.

Естеріңізге сала кетейік, «Манчестер Юнайтед» Кагаваны «Боруссиядан» 2012 жылы 8 миллион еуроға сатып алған болатын.